Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және
ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 30
шілдедегі № 275 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 01.09.03 ж. № 326; 2005.03.02. № 23
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 5 маусымға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҰБ Басқармасының 01.09.03 ж. № 326 қаулысымен атауы және кіріспесі өзгертілді (бұр. ред. қара)
Екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың бухгалтерлік есебін жетілдіре түсу және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің есепшот жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы № 419 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының "Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік