Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 Қаулысы (2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датавторник, 24 октября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 24 октября 2006
Дата последнего изменениячетверг, 21 февраля 2008

Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық»
мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 Қаулысы

(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және осы қаулыға қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдардың «Самұрық» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы қауылдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2007.17.10. № 961 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 24 қазандағы № 1020

Қаулысына қосымша

 

Акцияларының мемлекеттік пакеттері« «Самұрық» мемлекеттік

активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі

акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге

берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі

 

Р/с

Ұйымның атауы

Акциялардың

мемлекеттік

пакеті, (%)

1

«ҚазҚуат» акционерлік қоғамы

100,00

2

«Екібастұз энергия орталығы» акционерлік қоғамы

100,00

3

Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы

50,00

4

«Бұқтырма су электр станциясы» акционерлік қоғамы

90,00

5

«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы»

акционерлік қоғамы

100,00

6

«Шүлбі СЭС-сі» акционерлік қоғамы

92,13

7

«Өскемен су электр станциясы» акционерлық қоғамы

89,99

8

ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1299 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

9

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы

51,00

10

«Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы» акционерлік қоғамы

94,25

11

«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы

50,00

12

«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100,00

13

«Майқайыңалтын» акционерлік қоғамы

25,00

14

«Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы

100,00

15

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы

100,00

16

ҚР Үкіметінің 2006.28.12. № 1299 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

17

ҚР Үкіметінің 2008.29.12. № 1403 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

18.

«А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» акционерлік қоғамы

 

19.

«Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» акционерлік қоғамы

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом