Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 961 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 17 октября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 17 октября 2007
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 961 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» және «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;

2) қоғамдарды Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

4. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 17 қазандағы

№ 961 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-112, 123-113-жолдармен толықтырылсын:

«123-112 «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ;

«123-113 «Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулыға қосымшада:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 222-38, 222-39-жолдармен толықтырылсын:

«222-38 «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ;

«222-39 «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ».

3. «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19-жолдармен толықтырылсын:

«18. «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» акционерлік қоғамы»;

«19. «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» акционерлік қоғамы».

4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 16-2, 16-3-жолдар алынып тасталсын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом