«Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін
жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан
босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы № 1075 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1326 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 11 қарашадағы
№ 1075 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану
келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол
келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары
қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі
| Р/с № | Салық төлеуші |
| 1 | «Арман» бірлескен кәсіпорны |
| 2 | «Маерск Ойл ГмбХ» компаниясының қазақстандық филиалы |
| 3 | «Қазгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 4 | «Қуатамлонмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 5 | «АДЖИП ККО» компаниясының қазақстандық филиалы |
| 6 | «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны |
| 7 | «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |