Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 31 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 января 2019

Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын,
сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық
төлеушілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы № 1075 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                               

 

К. Мәсімов

 

 

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің

      2008 жылғы 31 желтоқсандағы

      № 1326 қаулысымен

      бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану

келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол

келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары

қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі

 

Р/с №

Салық төлеуші

1

«Маерск Ойл ГмбХ» компаниясының қазақстандық филиалы

2

»АДЖИП ККО» компаниясының қазақстандық филиалы

3

»Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны

4

»Жамбай» ЖШС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом