Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық
даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 26 наурыздағы № 59 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы.
Облыстық Мәслихаттың төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Қызылорда облыстық мәслихатының ХІІ сессиясының 2004.14.12. № 123 шешімімен бағдарлама жаңа редакцияда
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған
индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы - Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы.
Бағдарламаны әзірлеуге негіздеме - «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 Қаулысы.