Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы
22 мамырдағы№ 407 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің күші жойылған
өкімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көші-қон мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 43-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 216-құжат).
3. «Ең төменгі тұтыну бюджеті және ең төмен еңбекақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 17-ө өкімі.
4. «Ұжымдық шарт (келісім) туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 18-ө өкімі.
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасының жобасын аяқтау үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 59-ө өкімі.
6. «Әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің ата-аналарына жәрдемақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 5 маусымдағы № 165-ө өкімі.
7. «Зейнетақымен және еңбекақымен уақытылы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 8 шілдедегі № 219-ө өкімі.
8. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 233-ө өкімі.
9. «Заңдық актілерді одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 64 қаулысын іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 шілдедегі № 234-ө өкімі.
10. «Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 10 қыркүйектегі № 300-ө өкімі.
11. «Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік және түзетушілік-педагогикалық қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 7 қаңтардағы № 3-ө өкімі.
12. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын пысықтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 21 тамыздағы № 126-ө өкімі.
13. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 54-ө өкімі.
14. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі № 59-ө өкімі.
15. «Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 25-ө өкімі.
16. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 32-ө өкімінің 1) тармақшасы.
17. «Таратылған кәсіпорындардың бірінші кезектегі несие берушілеріне берешектерді өтеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 37-ө өкімі.
18. «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 8 тамыздағы № 63-ө өкімі.
19. «Зейнетке шығу жасын төмендету туралы мәселені қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 14 қазандағы № 159-ө өкімі.
20. «Ана мен баланың әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 181-ө өкімі.
21. «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 185-ө өкімі.
22. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 185-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 239-ө өкімі.
23. «Әлеуметтік-экономикалық саясаттың әлеуметтік аспектілерін қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 44-ө өкімі.
24. «Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық саясатын іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы 306-ө өкімі.
25. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 305-ө өкімі.
26. «Көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қарашадағы № 322-ө өкімі.
27. «Әлеуеттік құрылымдардың зейнеткерлеріне зейнетақы төлемдер жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 341-ө өкімі.
28. «Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік мәселелер кешенін жан-жақты пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 78-ө өкімі.
29. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 305-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 97-ө өкімі.
30. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың өлшемін айқындауға бірыңғай әдіснамалық тәсілдер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 139-ө өкімі.