Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көші-қон мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көші-қон мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысы (ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Датапонедельник, 26 января 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 мая 2007

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон
мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгерді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен тақырыбы және құрам өзгерді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы Көшi-қон

мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамы

 

Қарақұсова               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы        халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
                           төрайым

 

Әбдиев                   - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Жазбек Ниетұлы             әлеуметтiк қорғау министрлігі Көшi-қон
                           комитетiнiң төрағасы, төрайымның
                           орынбасары

 

Бисембаева               - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Бағила Мүбәракқызы         әлеуметтiк қорғау министрлігінiң
                           Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары,
                           хатшы

 

Қалетаев                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы             Әкiмшілiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
                           меңгерушiсi (келісім бойынша)

 
Диқанбаева               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы            сақтау вице-министрi
 
Зверьков                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Вадим Павлович             вице-министрi
 
Исаев                    - Қазақстан Республикасының Экономика және
Батырхан Арысбекұлы        бюджеттік жоспарлау вице-министрi
 
Нұриманов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы         қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                           орынбасары (келісім бойынша)
 
Ойнаров                  - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы           министрi
 
Шәмшидинова              - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Күләш Ноғатайқызы          ғылым вице-министрi

 

Досжан                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы          ақпарат және спорт вице-министрi

 

Тұңғышбеков              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы         министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi
                           комитетiнiң төрағасы

 

Сизов                    - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Александр Павлович         басқару агенттiгi төрағасының бiрiншi
                           орынбасары

 

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасы
Ержан Сағиұлы              Премьер-Министрiнің Кеңсесi
                           Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң бас
                           сарапшысы

 

Пiстаев                  - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Марат Құрманәлиұлы         министрлігі Көшi-қон полициясы
                           департаментінiң бастығы;

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгерді (бұр. ред. қара)

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Көшi-қон

мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының ?кіметі жанындағы Көшi-қон мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгi мiндеттерi мен функциялары

3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жетiлдiру;

2) көшi-қон саласындағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.

4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:

1) көшi-қон саласындағы iстiң жай-күйiне талдау жасау;

2) көшi-қон саласындағы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

3) көшi-қон мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл және ынтымақтастық саласында жәрдемдесу;

4) көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар ету болып табылады.

5. Комиссияның:

1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгізуге;

3) тиiсті мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерiнің қатысуымен отырыстар өткiзуге құқығы бар.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.

7. Комиссияның құрамы мемлекеттік органдар өкiлдерiнен қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi.

ҚР Үкіметінің 2005.28.04. № 395 қаулысымен 8-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

9. Комиссияның жұмыс органы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібiн жасайды;

2) Комиссия шешiмдерiнің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;

3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметіне тартқан мамандардың жұмысын үйлестіреді.

10. Комиссия отырысында қаралатын мәселелер тiзбесi қажеттілiгіне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.

11. Бекiтілген тізбе Комиссия мүшелерiне тізiм бойынша жiберiледi.

12. Комиссия отырысы қажеттілiгіне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Отырысқа Комиссия мүшелерi жалпы санының кемінде үштен екiсі қатысқан жағдайда ол заңды деп есептеледi.

13. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшілiк даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

14. Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
















Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!