“Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі
жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 Қаулысы
(2005.17.10. берілген өзгерістермен )
Осы редакция 2007 ж. 4 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, басқа мүдделi министрлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдар жыл сайын 5 қаңтарға және 5 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның орындалуы туралы есептердi ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25 күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 450 қаулысымен
бекітiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛДЕТIЛГЕН
ШАРАЛАРДЫҢ 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсіпкерлiкті дамыту жөніндегі жеделдетілген