Мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 10 қазандағы № 604 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен есеп беру мерзімдері (1-қосымша);
2) мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының нысандары (2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар) бекітілсін.
2. Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті белгіленген заңнамалық тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасы
2007 жылғы 10 қазанда