Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы
(2025.29.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.02. № 58 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.23.08. № 440 бұйрығымен (2023 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 377 бұйрығымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.23.08. № 440 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.02.09. № 380 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.29.05. № 232 бұйрығымен (2023 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 377 бұйрығымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.16.09. № 472 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес транскрипттің нысаны;
3) ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.29.05. № 232 бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)