Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 Бұйрығы
(2010.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 25-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
| Министрдің міндетін атқарушы | |
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2007 жылғы 22 қарашадағы
№ 566 бұйрығымен
бекітілген
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларының халықаралық танылуын, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың жұмылғыштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.
3. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.