Введите номер документа
Прайс-лист

Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 602 Бұйрығы (2008.25.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 3 декабря 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 августа 2010

Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және
Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 602 Бұйрығы

(2008.25.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі;

2) Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. Мынадай:

1) «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 945 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3269);

2) «Экстернат нысанында білім алуға  рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 229 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620);

3) «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы № 945 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 446 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4386 тіркелген) күші жойылсын.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом