Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткізу ережесі;
2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстарды өткізу ережесі;
3) Орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізу ережесі;
4) Кәсіби мамандардың республикалық конкурстарын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірнеше бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 668 бұйрығымен бекітілген
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиадаларды өткізуді ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткізу ережесі (бұдан әрі - Олимпиада) жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен іске асыратын барлық білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық олимпиадасының мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу тәртібін анықтайды.