Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 60 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 462 бабына және Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| IV сайланған Алматықаласы мәслихатының VI сессиясының төрағасы | К. Баймухамбетов |
| IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |
ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VI сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 60 шешіміне
қосымша
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны