Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 5-26 шешімі
(2008.10.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2008.17.01. № 6-33 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.04. № 8-47 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 1 қосымшаға сәйкес, 2008 жылға арналған облыстық бюджет төмендегі көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер - 98583233 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15588017 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 26149 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 8000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 82961067 мың теңге, соның ішінде:
нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 23477 мың теңге;
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 9906091 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы - 73031499 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 7036897 мың теңге, соның ішінде:
білім беруге - 1138460 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 1843370 мың теңге;
әлеуметтік көмекке - 169000 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 2477736 мың теңге;
автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге - 1408331 мың теңге;
дамытуға арналған мақсатты трансферттер - 17072946 мың теңге, оның ішінде:
білім беру объектілерінің құрылысына - 6131859 мың теңге;
білім беру объектілерін сейсмотұрақтылығын күшейтуге - 1221562 мың теңге;
денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына - 4832266 мың теңге;