Қостанай қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 142 шешімі
(2009.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.21.04 № 196 шешімімен кіріспе өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 2009.15.01. № 152 шешімімен (бұр.ред.қара); Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.21.04 № 196 шешімімен (2009 ж. 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.31.07 № 224 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.20.11 № 251 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер 15339364 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 9531224 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 48351 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 758000 мың теңге;
трансферттер түсімдері 5001789 мың теңге;
2) шығыстар 15424391,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу -11875 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу -11875 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 42828 мың теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу 42828 мың теңге;
5) тапшылық - 115980,2 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру 115980,2 мың теңге.
2. Бюджет Кодексіне сәйкес 2009 жылы қала бюджетіне, облыстық және республикалық бюджеттердің кірісіне есептелетіннен басқа, кірістер толық көлемде есептелінеді деп белгіленсін:
1) салықтық түсімдер: