Сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды
топтық жүйелердiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысы
(2008.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.25.02. № 189 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
1265 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын
ерекше маңызды топтық жүйелердің тізбесі
| Р/с № | Облыстар бойынша нысандардың атауы |
| 1 | 2 |
| Ақмола облысы |
| 1. | Көкшетау өнеркәсіп су құбыры |
| 2. | Нұра топтық су құбыры |
| Алматы облысы |
| 3. | Бозой топтық су құбыры |
| Атырау облысы |
| 4. | Индер-Миялы топтық су құбыры |
| 5. | Миялы - Жангелдин - Жасқайрат топтық су құбыры |