Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 28 наурыздағы № 231 қаулысы
(2008.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, коммуналдыҚ меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғынжайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүліктік жалдауға беру төлемдерін есептеу Ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 93 қаулысы (мемлекеттік нормативтік- құқықтық № 908 тіркеу Реестрде болып тіркелген);
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімиятының «Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғынжайға жатпайтын қордағы орын-жайларды мүліктік жалдауға беру төлемдерін есептеу Ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 93 қаулысына өзгеріс енгізу (мемлекеттік нормативтік - құқықты тіркеу Реестрде № 1597 болып тіркелген);
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қаулысы (мемлекеттік нормативтік құқықтық тіркеу Реестрде № 1938 болып тіркелген).
3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б. Әлібекова), қала/аудан коммуналдық меншігін басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдары коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді жалдауға (жалға) беру кезінде бекітілген Нұсқаулықты басшылыққа алсын.