Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 29 сәуірдегі № 90 қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістермен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 61 қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының қосымшасының 5-тармағының бесінші, оныншы және он екінші абзацтарының қолданылуы осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен екінші деңгейдегі банк арасындағы банктік салым шарттарына таралмайды, бірақ осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап бір жылдан астам емес. Бұл ретте, олардың қолданыс мерзімін ұзартуды қоса алғанда, осындай шарттар өзгертілуге жатпайды.
Бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі төлем қабілеттілігі маржасын және қайта сақтандырушының үлесін есептеу оларды жасасу сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;