Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы
(2009.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
№ 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы
| Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
| Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Қалыбеков Бекжан Жантөреұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |