Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.25.04 № 331 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314
Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) жұмыс тобының құрамы;

2) жұмыс тобы туралы ереже;

3) Іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін.

4. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы  Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын.

5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар:

1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;

3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом