2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешімі
(2009.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік фискалдық саясаттың және әлеуметтік - экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының өлшемдеріне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009.07.03. № 1 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.27.04. № 2 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне ендi) (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9370526 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4684531 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12516 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 515970 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 4157509 мың теңге;
2) шығындар - 9337449 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу -0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - 84000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті қолдану) қаржыландыру - 33077 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсуі - 289000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 373000 мың теңге.
Бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары» - 85923 мың теңге.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009.07.03. № 1 шешімімен мазмұн 1.1 тармақпен толықтырылды (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді)