Введите номер документа
Прайс-лист

«Медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 июля 2012

Медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 3845-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің түрлері мен көлемі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Б. Садықов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2009 жылғы 26 қарашадағы

№ 796 бұйрығына 1-қосымша

 

Медициналық көмектің түрлері мен көлемі

 

1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемі

 

1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері:

1) диагностикалық іс-шараларды:

бойды, салмақты, бастың шеңберін, кеуде шеңберін өлшеуді;

дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, ірі тамырдың пульсациясын (соғуын) анықтауды;

құлақтың естігіштігін, көздің жітілігін, көзішілік қысымды (тонометрия) анықтауды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом