Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 Бұйрығы
(2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 наурыздағы № 147 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 104 және 108-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Ж. Түймебаев
2009 жылғы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 169 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік
мектептердің (лицейлердің) қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің (лицейлердің) қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару және Бюджеттік кодекстеріне, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.