Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 Бұйрығы
(2011.05.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 590 бұйрығының ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5054 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1412)) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі
№ 169 бұйрығымен бекітілген
Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру
ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру мен іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (әрі қарай - ҚБТ) жүзеге асыру келесі түрлері бойынша іске асырылады: ТВ-технологиясы, желілік технологиясы мен кейс-технологиясы.