Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 469-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 мамырдағы № 1579 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 246-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 218 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 483-құжат).
3. Осы Жарлық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы қыркүйектін 16-і.
№ 871
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 871 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
жылдық есепті жасау және ұсыну
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.