Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешімі
(2010.04.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2010.11.01. № 258 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қостанай облысы мәслихатының 2010.16.04. № 294 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 307 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.04.06. № 309 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 89305395,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 2939796,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 82010,6 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша- 86283589,0 мың теңге;
2) шығындар - 89022283,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 854741,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1269185,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар сальдо - 493392,5 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 497328,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 1065021,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1065021,1 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын аудару жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен қала бюджеттеріне берілетін субвенциялардың мөлшері 13 987 158,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Алтынсарин - 575 669,0 мың теңге;
Амангелді - 863 529,0 мың теңге;
Әулиекөл - 1 274 141,0 мың теңге;
Денисов - 712 064,0 мың теңге;
Жангелдин - 892 670,0 мың теңге;
Жітіқара - 612 408,0 мың теңге;