Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы
(2012.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы қаңтардың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 303 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрінің 2012.12.09. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2013 жылғы қаңтардың бiрiншi күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасаудың және ұсынудың көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімдері мен тәртібі осы Ережемен белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептілікті құрастырады.
ҚР Қаржы министрінің 2012.12.09. № 417 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2013 жылғы қаңтардың бiрiншi күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады: