Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
Материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау
ережесі
1. Жалпы ережелер