2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № С-31/6 шешімі
(2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облысы мәслихатының 2009 жыл 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010.16.04. № С-33/5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № С-37/6 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 10 776 282,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 409 556 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 160 963 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 690 715 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 515 048,9 мың теңге.
2) шығындар - 10 885 538,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - - 79 534 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 6 232 мың теңге
бюджеттік несиелерді өтеу - 85 766 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - -29 721,9 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 29 721,9 мың теңге:
қарыздардың түсімі - 258 632 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 515 700 мың теңге;
286 789,9 мың теңге - бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 52 бабы 1 тармағына, Ақмола облысы мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-2 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлеу көзінен алынатын жеке табыс салығы бойынша - 100%;