Введите номер документа
Прайс-лист

«Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 20 августа 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2016

Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің  тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен 2016 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының 19-бабы 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі;

2) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің нысандары:

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлік баланс» нысаны;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Пайда мен зияндар туралы есеп» нысаны;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (тура әдіс)» нысаны;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)» нысаны;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Капиталдағы өзгерістер туралы есеп» нысаны бекітілсін.

2. «Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4767 тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 3 тамыздағы № 118(1321) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом