Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 11 наурыздағы № 171 қаулысы
(2009.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1999 жылғы 2 желтоқсан «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын әлеуметтік жағынан Қорғау мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай (ақшалай төлем құралдары облыстыҚ бюджет құралдарынан) Қамту 25 есе айлық есеп төлем көрсеткішімен белгіленсін.
2. Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.13.10. № 2787 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. 3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі - ақшалай қамту) белгіленеді.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.13.10. № 2787 қаулысымен 4-тармақ алынды (бұр.ред.қара)
5.Ақшалай қамтуды алуға үміткерлердің тізімдік құрамы қажеттілігіне қарай облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұсынуы бойынша жұмыс тобының шешімінің негізінде жылына 2 рет анықталады.
6.Ақшалай қамту жөніндегі жұмыс тобының шешімі мәжілісте ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2009.13.10. № 2787 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)