Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі
сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығы
(2010.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2009.17.09. № 125 Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсiн.
2. «Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы күшiн жойды деп танылсын (мемлекеттік тiркеу № 1714).
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнi күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет Вице-Министрiне жүктелсін.
«Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлігі түзеу
мекемелеріндегі сотталғандармен
тәрбие жұмысын ұйымдастыру
туралы нұсқаулықты бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 21 қазандағы
№ 305 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу
мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын
ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрi - ТМ) сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.
2. Тәрбие жұмысы сотталғандармен TМ Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.