Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 464 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 602 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5427 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылдың 23 қаңтарында № 11 (1434) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 464 бұйрығымен
бекітілген
Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабын жүзеге асыру мақсаттарында әзірленген және акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру тәртібін және жұмыс істеуін белгілейді.
2. Акциздік қосындар акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілердің (бұдан әрі - өндірушілер) аумағында және жекелеген жағдайларда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілердің (бұдан әрі - көтерме сатушы) аумағында орнатылады.
Осымен бірге, акциздік қосын: