Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 2 мая 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 2 мая 2012

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

Б. Шолпанқұлов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2012 жылғы 2 мамырдағы

№ 229 бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізімі

 

1) «Ілеспе жүк құжаттарын ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 366 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 28 қазанда № 2543 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 50 (154) газетінде жарияланған);

2) «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5426 болып тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 11 (1608) газетінде жарияланған);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами