Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 662 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 197 бұйрығымен күші жойылды
Оңалту рәсімін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4980 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылдың 9 қазанында № 154 (1380) жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу ережесінде:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлімшелерінің және олардың филиалдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) немесе оның филиалының» деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «Комитет не аумақтық бөлімше», «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі», «Комитетпен не оның аумақтық бөлімшесімен» «Комитетті не оның аумақтық бөлімшесін» деген сөздер тиісінше «Комитеттің аумақтық бөлімшесі», «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен», «Комитеттің аумақтық бөлімшесінен» деген сөздермен ауыстырылсын.