Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 Бұйрығы
(2010.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 197 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2008.12.08. № 399 Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 53-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2008.12.08. № 399 Бұйрығымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны;
2) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің төрағасының 2006 жылғы 20 мамырдағы № 17 «Оңалту рәсімі процедурасын өткізудің нәтижелері бойынша Оңалтуды басқарушының келісу есептің қорытынды ережесін бекіту туралы» № 4186 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудегі тізімдемеде тіркелген 2006 жыл 12 мамырда «Заң газетінде» № 84-85 (891) жарияланған бұйрық өз күшін жоғалтты.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2010.28.12. № 662 Бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
№ 373 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Оңалтушы басқарушының қорытынды есебі
| ___________ (күні) | ___________________ (жасалған жері) |