Консультативтік органның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 226 бұйрығы
(2010.26.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Консультативтік органның құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:
1) «Консультативтік органның құрамын бекіту туралы» 2007 жылғы 13 қарашадағы № 390;
2) «Консультативтік органның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 12 тамыздағы № 402.
3.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі | Б. Жәмішев |
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Г. Марченко
ҚР Қаржы министрінің 2010.11.01. № 6 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2010.26.04. № 187 Бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2009 жылғы 28 мамырдағы № 226
бұйрығымен бекітілген
Консультативтік органның
құрамы
| 1. | Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, төраға; |
| 2. | Ахметова Роза Бижанқызы | - «Цесна Капитал» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы; |
| 3. | Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы | - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры |
| 4. | Тұрысбеков Дәурен Сейілханұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Тіркеу департаментінің директоры |
| 5. | Мацаева Ирина Витальевна | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары |