Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығы
(2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері туралы нұсқаулық;
2) ҚР Қаржы министрінің м.а. 2011.02.08. № 389 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2011.27.04. № 219 Бұйрығымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Осы бұйрықтың 122-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 677 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, ұйымдарға арналған бухгалтерлік нысандардың альбомына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1258 болып тіркелген);