Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығы
(2011.06.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 19-1/248 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.06.09. № 14-1/504 бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.06.09. № 14-1/504 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.06.09. № 14-1/504 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.06.09. № 14-1/504 бұйрығымен мәліметтер жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 14-1/113 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілетін