Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесі мен Тоқырау өзені үшін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 09/10 Қаулысы
(2019.09.04. берілген өзгерістермен)
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.09.04. № 21/01 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген жобаларға сәйкес, су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын:
1) «Қарағанды облысының шекарасындағы Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;
2) «Қарағанды облысының «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Балқашцветмет» Өндірістік Қоғамының профилакториясы орналасқан Балқаш көлінің жағалау учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;
3) «Қарағанды облысының Тоқырау өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату»;
2. Шаруашылық пайдалану тәртібі су объектілірінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде, қосымшаға сәйкес бекітілсін.