Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 120 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 120 бұйрығымен бекітілген
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.