Введите номер документа
Прайс-лист

«Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 134 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 30 марта 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 декабря 2011

Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 134 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 570 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған);

2) «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің Уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-б және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 27 қыркүйектегі № 225-б бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-б (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6456 болып тіркелген) 2007 жылғы бұйрығының 1-тармағын 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (Х.Е. Досқалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом