Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидаларын және олардың уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 570 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында алғашқы қоныстандыру қағидалары және олардың уақытша орналастыру орталықтарында болу мерзімдері бекітілсін.
2. «Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6908 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда «Егемен Қазақстан» № 236-237 (26635) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокинге) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 28 қарашадағы
№ 570 бұйрығымен бекітілген