«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің
қозғалысы туралы» № 3-К нысанды статистикалық есепті құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 ж. 11 желтоқсандағы № 69 бұйрығымен
(2010.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2005.13.06. № 23 Бұйрығымен тақырыбы, бұйрықтың толық мәтіні бойынша және оған қоса берілген қосымшадағы № 3-К нысанды статистикалық есептің аталуы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
| «Келісілген» | Қазақстан Республикасының |
Төтенше жағдайлар бойынша
| Қазақстан Республикасы | агенттігінің Төрағасы |
| Жоғарғы Сотының Төрағасы | 1 желтоқсан 2003 жыл |
3 желтоқсан 2003 жыл
Қазақстан Республикасының
| Қазақстан Республикасының | Ұлттық қауіпсіздік |
| Әділет Министрі | комитетінің Төрағасы |
| 25 желтоқсан 2003 жыл | 22 қараша 2003 жыл |
| Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
| Ішкі істер Министрі | Қорғаныс Министрі |
| 29 қараша 2003 жыл | 10 қараша 2003 жыл |
| Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
| Қаржы полициясы | Кедендік бақылау |
| агенттігінің Төрағасы | агенттігінің Төрағасы |
| 5 желтоқсан 2003 жыл | 12 қараша 2003 жыл |
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес туралы» Заңын ақпарат-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Бекітілсін:
1) 1 қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы туралы» № 3-К нысанды статистикалық есеп;