Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2011 жылдың мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2011 жылдың мемлекеттік білім тапсырысы 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға бекітілген мемлекеттік білім тапсырысын тиісті оқу орындарына заңнамада белгіленген тәртіппен орналастыруды жүргізсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 231 қаулысына 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2011 жылдың мемлекеттік
білім тапсырысы (кәсіптік лицейлер)
| № | Мамандықтардың коды мен атауы | Біліктіліктің коды мен атауы | Саны (адам) | Оқыту мерзімі |
| 1 | 0502000 Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету | 0502012 Аппаратура жөндеу және қызмет көрсету радиомеханигі (радио, теле-, аудио-, бейне-) | 25 | 1 жыл 10 ай |
| 2 | 0503000 Слесарлық іс | 0503012 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик | 25 | 10 ай |
| 0503012 Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик | 25 | 2 жыл 10 ай |
| 3 | 0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика | 0506012 Шаш үлгілерін жасау- шы | 50 | 10 ай |
| 0506032 Визажист | 25 | 10 ай |
| 4 | 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 0508012 Аспаз | 307 | 2 жыл 10 ай |
| 0508022 Кондитер | 55 | 2 жыл 10 ай |
| 0508042 Официант | 38 | 2 жыл 10 ай |