Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде 2011 жылға арналған су пайдалану лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 20 мамырдағы № 14-1/281 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 82-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде 2011 жылға арналған су пайдалану лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті:
1) көрсетілген лимиттерді облыстар әкімдіктеріне (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға), су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларға жеткізсін және оларды сақтау жөніндегі бақылауды қамтамасыз етсін;
2) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі және су шаруашылығының жағдайы өзгерген жағдайда лимиттерді қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы № 14-1/281
бұйрығымен бекітілген
Бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)
деңгейінде 2011 жылға арналған су пайдалану лимиттері
Р/н № | Облыстардың атауы | Өзен бассейндерінің атауы | Барлығы, млн. м3 | оның ішінде, млн. м3 |
коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік қажеттіліктер | ауыл шаруашылығы | балық шаруашылығы | экологиялық және өзге қажеттіліктер |
барлығы | оның ішінде тұрақты суаруға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Ақмола | Есіл ө. | 115 | 82 | 32 | 11 | 1 | 0 |
Есіл-Ертіс өзен аралығы | 57 | 45 | 10 | 4 | 2 | 0 |
Шағалалы ө. | 13 | 9 | 3 | 1 | 1 | 0 |
Нұра ө. | 19,5 | 0,3 | 19,2 | 1,8 | | 0 |
Барлығы | 204,5 | 136,3 | 64,2 | 17,8 | 4 | 0 |