Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1216 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1216 қаулысымен
бекітілген
Судың бастапқы есебінің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
судың бастапқы есебі (бұдан әрі - СБЕ) - су пайдаланушылар жүргізетін жер үсті мен жер асты суларын алу және (немесе) су объектілеріне су ағызу (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
бастапқы су пайдаланушы - өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі — объектілердің, жұмысқа қатысушылардың және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттардың тіркелуін есепке алу құжаты.
2. Суды бастапқы есепке алу тәртібі
3. СБЕ-ні бастапқы су пайдаланушылар жүзеге асырады.
4. Бастапқы су пайдаланушылар СБЕ жүргізу үшін: