Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 29 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-4/289 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 29 қаулысымен
бекітілген
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің
критерийлері
Негізгі ережелері
1. Осы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) мониторинг үдерісінде Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының суды тежейтін гидротехникалық құрылыстар (бұдан әрі - ГТҚ) жай-күйінің негізгі қадағаланатын және бақыланатын техникалық көрсеткіштерін белгілейді.
2. Критерийлер мониторингін ГТҚ-ның меншік иелері құрылыстардың техникалық көрсеткіштерін сырттай (көрнекі және инструменталдық) бақылау нәтижелері негізінде жүзеге асырады.
Критерийлердің сандық және сапалық мәні Қазақстан Республикасының «Гидротехникалық құрылыстар. Жобалаудың негізгі ережелері» № 3.04-01-2008 құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес олардың сипаттамалары, пайдалану шарттары, ескеріле отырып, құрылыс жобасы құрамында әзірленеді.
3. Осы Критерийлерде мынадай анықтамалар қолданылады: